2021-2023 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және жою туралы Шаралар жоспарының 7 тармағын орындау үшін ағымдағы жылғы 20 сәуірде Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің базасында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие, жедел және режимдік қызметтерінің қызметкерлері үшін «Ұлттық превентивті механизм» тақырыбында «Қазақстандық адам құқығын және заңдылықты сақтау жөніндегі бюро» ҚБ Қарағанды облысы филиалының директоры Ю.А.Гусаковтың қатысуымен оқу семинары өткізілді.
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінде заңдылықты жетілдіру, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша көптеген жұмыстар атқарылғаны белгілі.
ҚР ҚАК-де ұлттық превентивті механизмнің қызметін регламенттейтін жеке бөлім (9 бөлім) қарастырылған.
Жалпы алғанда, ҰПМ өздерінің қызметі аясында жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға келіп ұлттық превентивті механизмге қатысушылардың міндеттерін атқарып отырады.
Семинарға қатысушылар ұлттық превентивті механизм саласында тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды мәселелерд талқылады.