Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді

Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/11 мекемесінің қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су басу туындаған жағдайда бірлесіп іс-қимылдарды пысықтады.
Іс-шара аясында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді. ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД Шахтинск қаласы бойынша бөлім бастығы азаматтық қорғау капитаны Мадияр Әбдікәрімовпен бірге тасқын суға байланысты ТЖ жою бойынша практикалық іс-шаралар, сондай-ақ тасқын суларды апатсыз өткізу салдарын жою бойынша іс-шаралар пысықталды. Көктемгі су тасқынының болжамына талдау жүргізілді. Күтілетін мерзімдер мен суды көтерудің ең жоғары деңгейі анықталды. Су басқан аумақтардан суды айдауды ұйымдастыру тәсілдері пысықталды.
АК-159/11 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Ерлан Апаханов жеке құрамды, техника мен жабдықтарды тексерді. Қоймаларда азық-түлік өнімдері мен заттай мүліктердің тиісінше сақталуы тексерілді. Мекеме аумағындағы құдықтарды, септиктерді, арықтарды уақытылы тазалау, қар тазалау бақылауға алынды. Ғимараттар мен құрылыстарға кіреберістер тексерілді, су басқан жағдайда қауіпсіз жерге эвакуациялау бағыты анықталды.
"Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру үшін жедел штаб барлық міндеттерді орындады. Іс жүзінде ол жақсы кәсіби дайындықты, авариялық-құтқару жабдықтарының техникалық дайындығын көрсетті", - деді Долинка кенті әкімдігінің су тасқынына қарсы комиссиясының төрағасы Арман Түсіпов.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД