
Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті-нің басшылығы колонияларда жаңа кәсіпорындар ашуды ұсынып отыр.
Сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында облыс бойынша ҚАЖД мен мекемелері бизнес-құрылымдардың қатысуымен ынтымақтасып қызмет өткеру жұмысын жүргізуде. Қарағанды облысының әкімдігінде Қарағанды облысының мемлекеттік құрылымдары, «Атамекен» ҰКП, кәсіпкерлік субъектілері, «Қарағанды облысының әйедлер күшінің Альянсы» ЗТБ өкілдерімен бірге облыстық мекемелердің сотталғандарын жұмыспен қамту, «Еңбек» РМК «Еңбек-Қарағанды» филиалының қызметін дамыту және сотталғандардың кәсіби білім алуы мәселелері бойынша біріккен кеңес өткізілді.
Қарағанды облысының аумағында 10 түзеу мекемесі орналасқан. Бүгінгі күні сотталғандардың орташа тізімдік саны 4,5 мың адамнан астам, жұмысқа жарамдылар қатарынан 51,8%-ы ақылы жұмыспен қамтылған.
«Бүгінгі күні облыстық мекемелердің аумағында 12 кәсіпкерлік субъектісі ұйымдастырылған, онда қосымша 81 сотталған қосымша жұмыспен қамтылған (ұсталық, пластикалық терезелер, шлакты блоктар, метелл бұйымдары, декоративті плиткалар, жиһаз корпусын шығару, автокөлік жөндеу және т.б.)».
Алайда, облыстық түзеу мекемелерінде негізгі жұмыс берушілер «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Еңбек-Қарағанды» филиалы болып табылады. «Еңбек-Қарағанды» филиалы өндірген өнімдердің номенклатурасы әртүрлі болып келеді – ол тігін тігу, жиһаз шығару, металды конструкциялар әзірлеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және т.б. көптеген өндіріс орындарынан тұрады. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді өткізу кезінде басты проблема тапсырыстарды ңболмауы болып табылады, соның салдарынан жұмыспен қамтылған сотталғандар саны да кеміп отыр» - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бекболат Шәкіров.
Алдағы уақытта ҚАЖ жағдайында кәсіпкерлікті бірігіп және келісе отырып дамыту үшін Департамент облыстық колонияларда шығарылған өнімдерді алуға және кәсіпкерлерді бас бостандығынан айыру орындарында жаңа өндірістік учаскелер ашуға үндеп отыр.
Бекболат Шәкіровтің айтуынша сотталғандардың жазаларын өтеу уақытында алған жұмысшы мамандықтары, жұмыс дағдылары мен тәжірибелері бостандыққа шыққан соң қоғам өміріне бейімделуіне және толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД