Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жезқазған қ. пробация қызметінің инспекторы әділет майоры, 08.04.1991 ж.т. Баламамедов Гия Бахтияр оглы, ҚР Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №207 Жарлығымен жауынгерлік және қызметтік міндеттерін жауапты атқарғаны, заңдылық пен құқық тәртіпті қорғауда ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткені және еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қосқан үлесі үшін «Ерлігі үшін» медалімен наградталған.
Мен 1991 жылы Әзірбайжан Республиканың Алиабад селосында дүниеге келдібірақ бала күнімен Қазақстанда, Қарағанды облысының Жезқазған қаласында тұрып келемін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен түйдей құрдаспын.
Менің ұлтым – әзірбайжан. Қазақстанда бәріне ортақ ашық аспан астында жүз елуден астам ұлт пен халық тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бізді, қазақстандықтарды Отанға деген сүйіспеншіілк, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға деген бір мақсат пен ортақ ойларымыз біріктіріп келеді. Ал осы ұлттық келісімнің сақталуы Республикамыздың Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі деп санаймын. Себебі ол Қазақстан халқының Ассамблеясын құру идеясын ұсынған болатын.
Қазақстанда мен ержетіп, мектепте оқыдым, қазір қылмыстық-атқару жүйесінде Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Жезқазған қ. пробация қызметінің инспекторы ретінде қызмет өткеріп келемін. Мұнда менің отбасым мен достарым тұрады, өзімнің балам да қазір ержетіп келеді.
Менің арманым бала күнімнен ішкі істер органының қызметкері болу еді, сол себепті мен 2009 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орны Семей заң колледжінде оқыдым. Мұнда берілетін білім өте терең болатын. Әрине, оқу оңай болған жоқ, бірақ сонымен бірге қызықты да еді, бізді курсанттық достық біріктіріп, біз бүгінде бір-бірімізден қол үзген жоқпыз. Мемлеетіміз азаматтарға тегін орта, арнайы және жоғары білім алу үшін көптеген мүмкіндіктер туғызып отыр.2015 жылы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясын аяқтап жоғары білім алып шықтым.
2011 жылы мен «лейтенанты» атағымен бітіріп Қарағанды облысының Сәтбаев қ. учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып қызмет өткеріп, 2015 жылы жоғарылап, учаскелік полиция инспекторы міндетін атқардым. Бұл жұмыс аса жауапты болатын: учаскелік инспектор өзі жетекшілік ететін аумақта тұратын барлық адамдарды білуі және олардың бірінші кезектегі көмекшісі, қорғаушысы болуы тиіс болатын. Сәтбаев қ. ішкі істер бөлімінде жеті жыл қызмет етіп, қылмыстық-атқару жүйесіне ауысып, қазіргі уақытта дейін пробация қызметінде «әділет майоры» атағында еңбек етіп келемін. Менің ойымша, мемлекетімізде барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі қорғау мен құқықтық тәртіп жолға қойылған. Мен де өзімнің күнделікті атқаратын қызметіммен осы құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлесімді қосып келемін. Мен Отаныма адал қызмет ету, погоныма кір келтірмеу арқылы қоғам мен мемлекетімізге пайда әкелуді өзімнің басты парызым санаймын.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығында, Республикамыздың Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында барлық қазақстандықтарға бейбіт ашық аспан және еліміздің гүлденіп көркеюі жолында толайым табыстар тілегім келеді!