Қарағанды колонияларының қызметкерлеріне «тұрғынжай төлемдерінің арнайы шоттары» ашылды

Қарағанды колонияларының қызметкерлеріне «тұрғынжай төлемдерінің арнайы шоттары» ашылды

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тұрғынжай төлемдерін алатын болады.
Қазақстанның “Отбасы банкі” Тұрғын үй құрылысы жинақтау банкісі» менеджерлері облыс бойынша ҚАЖ қызметкерлеріне тұрғынжай төлемдерін алушылар ретінде арнайы шот ашты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 тамызда беітілген №524 Қаулысымен тұрғынжай төлемдерін алушылар үшін үш жақты шарт жасалды. Сол себепті, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері өздерінің армандарына бірқадам болса да жақындай түсті.
Жеке тұрғын үйі жоқ қызметкерлерге арнайы шот ашу үшін бірқатар қажетті растау құжаттарын ұсыну қажет, бұдан соң ай сайын қызметкердің әрбір мүшесіне 33 912 теңге берілетін болады. Осы төлемдерге жеке тұрғын үй алуға немесе тұрғын үй жаладуға болады.
«Мен қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жылдан астап қызмет өткеріп келемін, төрт баланың әкесімін, бірақ жеке үйім жоқ. Біздің отбасы үшін бұл төлемдер жақсы бастамаға айналып, жеке тұрғынжай алуға мүмкіндік береді» - дейді тәрбие бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Еркебұлан Қарғалтаев.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД