
Балқаш қ. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлерімен есепке алынған тұлғалар арасында рейд жүргізілуде.
Балқаш қ.БК қызметкерлері Балқаш қ. ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп, тәуекел тобында тұрған, қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандар тарапынан қайталама қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында апта сайын түнгі уақытта, сағат 22.00-ден кейін есепке алынған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Тәртіп сақшылары жазаны өтеу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ аталған адамдар тарапынан сот жүктеген міндеттерді бұзу фактілерін анықтап жатыр.
Осылайша, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталған ер адам 22:00-ден кейін үйде болмаған, кейін аумақты аралау кезінде ер адам табылды, тұрғылықты жері бойынша болмауы туралы акт жасалды, материалдар сотқа жіберіледі.
23 жастағы ер адамның өзі түсіндіргендей, ол тез дайындалатын кеспе алу үшін дүкенге барған, бірақ пробация қызметкерлеріне бұл туралы хабарлауды ұмытып кетті.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД