Құтқарылған күшік ҚАЖ қызметкерінің үйінен пана тапты

Құтқарылған күшік ҚАЖ қызметкерінің  үйінен пана тапты

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкері үйсіз күшікті паналады. Жақында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/11 мекемесінің қызметкерлері үйсіз жануарларға арналған баспанаға барды. Сапар барысында қызметкерлер жануарларға азық әкеліп, сондай-ақ баспананың қонақтарымен танысты. Қазіргі уақытта баспанада 150-ден астам жануар тұрады, айта келсек, баспанаға тек еріктілер мен қамқор азаматтар көмектеседі. Баспана тұрғындарының әрқайсысының өзіндік ерекше тарихы бар, бірақ негізінен олардың бәрі адамдар тарапынан сатқындық, қатігездік көргендер. "Ерекше жағдайлардың бірі Федоров су қоймасында болды, күшік тас жолға жүгіріп шықты, мен тоқтап, бұталардын арасында күшіктер салынған қорапты таптым. Олардың барлығы әлсіз, тері кенесінің ауруынан зардап шеккен, олардың жүндері жоқ еді, тағы екі күн жатса, өліп кетуі мүмкін еді", - деді Маутханова Чинара, "Кошкин-дом" баспанасының еріктісі. АК-159/11 мекемесінің қызметкері құтқарылған күшіктердің бірін алды. "Мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үйсіз жануарлар тақырыбын назардан тыс қалдырмағанын, сондай-ақ менің үйсіз жануарларға деген көз-қарасымды ұстанғанын қалаймын. ІІО қызметкерлерінің арасында да үйсіз жануарлар тақырыбына бей-жай қарамайтындар бар", - деп хабарлады АК-159/11 мекемесінің әділет капитаны Дарибаева Жансая. Қазіргі уақытта күшікке "Шастик" деген лақап ат берілді, ол үлкен аулада тұрады және өзінің үйшігі мен сүйікті отбасы бар.