Қарағанды облысында сотталған телефонды табиғи қуысы арқылы кіргізуге тырысты

Қарағанды облысында сотталған  телефонды табиғи қуысы арқылы кіргізуге тырысты

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/6 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты колония аумағына алып өту фактісінің жолын кесті.
Мекемеге жаңадан келген сотталғандарды профилактикалық тексеру кезінде 28 жастағы ер адамнан рентгенологиялық тексеру арқылы табиғи қуысынан (ануста) "Activ" ұялы операторының сим картасымен "Nokia" маркалы ұялы телефоны болып шыққан бөгде зат табылып, тәркіленді.
Тыйым салынған зат табылғаннан кейін ер адам өз еркімен қызметкерлерге телефонын берді.

 

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД