Өмір әдемі

Өмір әдемі

Осындай ұранмен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК – 159/9 мекемесінде сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан акция өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты сотталғандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу, жағымсыз өмірлік ұстанымдарды түзету болды. Мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік - психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің аға инспектор – психологы сотталғандардың жалпы психоэмоционалдық жағдайын анықтауға бағытталған арт – терапия, кинотерапия элементтерін қамтитын бірқатар психопрофилактикалық және психокоррекциялық іс-шаралар жоспарын әзірледі. Аталған іс-шараға әйелдер белсенді қатысты, тиісті тақырыпқа плакаттар дайындалды, әрбір плакат барлық сотталғандарға қойылған мағынасы туралы түсіндірмелермен ұсынылды. Осы акцияны қорытындылай келе, бұл сотталғандардың эмоционалдық жағдайына жағымды әсер еткенін, сондай-ақ іс-шара барысында туындаған мәселелерде көмек көрсетілгенін атап өткен жөн.