АК-159/1 мекемесі (ТИ- 16) қызметкерлерімен тыйым салынған заттың өтуінің жолы кесілді. Атап айтқанда, жақында Қарағанды қаласы тергеу изоляторына транзиттік-жөнелтілуші сотталғандар әкелінді. Атталған тұлғалардың жеке заттарын тексеру барысында 38 жасар ер адамның заттарының арасынан жабылған екі консерві қалбыры табылды. Сотталған ет консервісінің қалбыры екеніне сендірмекші болды. Қызметкерлер консерві қалбырларын телевизиялық –рентген құралымен тексеру кезінде оның ішінде күдікті зат барын көрсетті. Қалбырларды ашқанда оның ішінен ет емес, екі ұялы телефон, 3 дана USB-сымдары, блютуз- құлақ қыстырғышы, өткізгіш құлақ қыстырғыштары, 2 дана 32-GB шағын-флешкартасы, шағын-флешкарта адапторлары, 6дана сим-карталары («Алтел»-2 д, «Теле-2»- 2 д, «Билайн»- 2), ақ пластмасса ыдыстағы түссіз сұйықтық, 5000 теңге ақша табылып, алынды.
Аталған факті полиция бөлімінде тіркелді, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД