
<span;>Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қарасты Қарағанды қ. Қазыбекбий аудандық пробация қызметінде биометриялық терминалдары орнатылуда. Демек аталған құрылғы арқылы саусақтың басуымен сотталған тұлғалағаға қатысты барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді, яғни: құжат нөмірі, фото бейнесін, ұлтын, жаза өтеу мерзімін, сотталған бабын мен Үкім шығарылған күні. Биометриялық терминал ол сотталған тұлғаның тіркеуге келу уақытты үнемдейді. Бүгінгі таңда пробация қызметі есебінде 2300 сотталған тұлға тұрады, олардың көбісі осы жаңашылдық әдістемені өздеріне қолданып жатқан аясында. Сотталған тұлғалардың өздері де бұл құрылғының қолайлығын байқап отыр, яғни бұрын соңды тіркеуге келген кезде, жүріп-тұру есебін жазу үшін кезекте тұратынбыз дейді, ал қазіргі кезде саусақ ұшын құрылғыға қойып, тіркеуіміздің күні және сағаты белгіленіп, аз уақыт жұмсаймыз деп пікірлерін білдірген болатын. Аталған іс-шара сотталған мен инспектордың арасындағы профилактикалық тұрғыдан жүргізіліп отырған сұқбатын біршама жеңілдетіп отыр.
<span;>Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД