Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар қайырымдылықпен айналысады

Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар қайырымдылықпен айналысады

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/6 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіндегі сотталғандар мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді.
Сотталғандар өз қолдарымен мультфильм кейіпкерлерінің астына қоятын үстелдер, орындықтар, атақты спортшылар Геннадий Головкин мен Хабиб Нурмагомедов бейнеленген нарды, құстар үйшігінжасап, сонымен қатар жеңіл аяқ киім, көрпелер, кілемдер тігіп, балаларға тәттілер беріп жіберді.
"Мен қарапайым отбасында өстім, ата-анам үнемі жұмыста болды, мен өзіммен өзім болдым. Мектеп жылдары мен жаман ортаман байланыста болып, көбінесе уақытымды көшеде өткіздім. Ата-анамды тыңдамай, марихуана қолдана бастадым, мінезім түбегейлі өзгерді, біреумен төбелесу мен үшін үйреншікті жағдайға айналды.
Мені бірінші рет қарақшылық жасағаным үшін соттаған кезде, мен әлі кәмелетке толмаған едім. Түрмеде отырған кезімде мен өзіме ешқандай қорытынды жасаған жоқпын. Дегенмен босап шыққаннан кейін отбасын құрып, өзімнің ағаш бойынша сүйікті жұмысыммен айналыстым, электр біріктіру бойынша өзімнің ЖК аштым,мені бәрібір сырттағы түрлі оқиғаларға тартып тұратын. Екінші рет сотталуым да көп күттірген жоқ. Тіпті бұл менің түзелуіме әсер ете алмады. Осылайша, мен абайсызда кісі өлтіргенім үшін үшінші рет сотталдым. Алайда, қазір бәрі басқаша, мүмкін, менің есейгенімнің себебі шығар және маған бұрынғы жасаған қылықтарым қажет емес. Мен өз отбасыма қарай бет бұра бастадым, олар үшін пайдалы және жақсылық жасағым келді.Ақырында мен тек өз басым туралы ойлауды қойдым, мен үшін қазір отбасым мен жан тыныштығым маңызды.
Алғаш рет басқа сотталғандар қайырымдылық акциясына қатысуды ұсынды, маған бұл ой бірден ұнады, өйткені бұл балалардың ата-аналары жоқ және олардың дамуында ауытқулар бар. Оларға ең алдымен көңіл аудару және қамқорлық сезімі қажет. Олар өздерін жалғыз сезінбеуі керек және оларды жақсы көретін және ештеңеге қарамастан оларға қамқор болатын адамдар бар екенін сезіу керек",-деді АК-159/6 Мекемесінің сотталушыларының бірі.
"Біздің колонияның сотталушылары бұл балаларға бірінші рет көмек көрсетіп тұрған жоқ. "Қарағанды облысының балаларына арналған психоневрологиялық медициналық - әлеуметтік мекемесі" КММ тәрбиеленушілеріне тұтқындардың назар аудару дәстүрі қалыптасқан. Қайырымдылыққа қатысқан барлық сотталғандар мекемедегі түрлі объектілерде жұмыс істейді және тапқан қаражаттың бір бөлігін игі істерге жұмсайды. Өз кезегінде әкімшілік пен қызметкерлер осындай ниеттерді қолдайды және олардың қатысуына ықпал етеді", - деп хабарлады АК-159/6 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Ерболат Абикеев.
Шара соңында ҚМУ директоры мекеме бастығы мен сотталғандарға алғыс хат табыс етті.