Қарағандылық сотталғандар жазаларын өтей жүріп пәтерге қаржы жинайды

Қарағандылық сотталғандар  жазаларын өтей жүріп  пәтерге қаржы жинайды

Қарағанды қ. тергеу изоляторында сотталғандар жылжымайтын мүлік алу үшін банктен депозиттік шот ашуды бастады.
«Отбасы банк» АҚ Қарағанды облыстық филиалының өкілдері Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 мекемесіне келіп, онда шаруашылық қызметі жасағанда жұмысқа орналастырылған сотталғандармен тұрғын үй алу бағдарламалары бойынша консультациялар өткізді.
«Азаматтардың құқығын сақтау мақсатында банк қызметкерлері консультациялар өткізді. Сотталғандар өздерінің құқықтанынан емес, тек бостандықтарынан ғана айырылған. Кездесу кезінде көптеген сотталғандар банктен жинақтау шотын ашуды шешті. Бұл мақсатты іске асыру үшін банк пен мекеменің арасында келісім жасалып, соған сәйкес жалақы алатын сотталғандар өздерінің қаржысының бір бөлігін жинақтау шотына аудара алатын болды. Бостандыққа шыққан соң белгілі бір соманы жинақтап олар жеке тұрғын үйлерін ала алатын болады» - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Шәкіров.
АК-159/1 мекемесінде шаруашылық қызметі жасағаның штаты 53 бірліктен тұрады, барлық сотталғандар ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыспен қамтылған және ай сайын жалақыларын алып отырады.