
31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл-біздің халқымыздың тарихындағы қайғылы бет. Жүз мыңға жуық қазақстандық зардап шекті, олардың 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз сотталғандар қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев және Сәкен Сейфуллин сияқты көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер бар. Саботаж, шет мемлекеттердің пайдасына тыңшылық, кеңеске қарсы үгіт-насихат, ұлтшылдық және зиянкестер үшін айыпталды. Қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысқандарды қудалады. Барлығына бір мәртебе - халық жауы, Отанын сатқын.
Бүгінгі күні барлық іс-шаралар онлайн-режимде өтуде, дегенмен АК-159/20 мекемесінде жеке құрам арасында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өткізілді. Онлайн форматта қызметкерлер арасынан қызметкердің анасы Д. Алиева шақырылды, онда өзінің әкесі туралы бейне-ролик көрсетілді.
Д.Алиева - менің әкем ол кезде 21 жаста еді. Қаражал қаласының тұрғыны Алиев Сыздық 1916 жылы 20 мамырда Жаңарқа ауданы, Ынтымақ ауылында (қазіргі Сәкен Сейфуллин ат.совхозы) орта шаруашылығы бар жан-ұяда туылған. 7 кластық орта білім алған.1992 жылы наурыздың 14 күні қайтыс болып Қаражал қаласында жерленген. Немере ағасы жазушы Сәкен Сейфуллиннен домбыра сыйға алған.
1937 жылы желтоқсанның 31 күні Сыздық Алиевті Балқаш қаласында гастрольдік сапармен жүрген жерінде ұсталып НКВД-ның Үштігімен 58-10 статьясы 1 бап бойынша халық жауы- Жапон тыңшысы-контреволюционер деген айып тағылып 10 жылға сотталып «Итжекенге» Сібірге айдалған. 1937 жылдан 1947 жылдары жазасын Свердлов облысы Тавда станциясында өтеген. Басты себебі жазушы Сакен Сейфллиннің туысы, немере інісі болғаны үшін.
Елге 1947 жылы аман-есен оралды. 1994 жылы жергілікті орган Алиев Сыздық атына Ескі Қаражалда (бұрынғы Зеленая көшесі) көше атын берген. Сол жылы маусым айының 18 күні «Сәкен Сейфуллинге 100 жыл толуына» орай қалалық мәдениет үйінде жергілікті жазушы Төлеухан Ильясовтың Сыздық Алиевке арналған «Сакеннің домбырасы» атты спектаклін өткізген. 1996 жылы жазушы Төлеухан Ильясовтың «Сәкеннің соңғы мүмкіндігі» Эссе-кітабінде «Сәкеннің домбырасы» деген атаумен Сыздық Алиев туралы әңгімесі басылды.
Жыл сайын 31 Мамырда менің әкем өмір сүрген Қаражал қаласында Әлиев Сыздық саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішінде жиналыс өткізіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылады.
Біз, балалар, немерелер, әкенің шөберелері 10 жыл бойы қуғын-сүргінге ұшырағанын қайғырып еске аламыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің отбасымыз ұзақ жылдар бойы оның ақталғаны туралы білдік. Әкем 1962 жылы 19 сәуірде ақталды, бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы ресми түрде жарияланған жоқ.