Қарағанды облысының колонияларына Бас муфтий келді

Қарағанды облысының колонияларына Бас муфтий келді

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, Бас муфтий Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының колонияларына келді.
Мекемелерде мұсылмандар көшбасшысын Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бекболат Шәкіров алып жүрді.
Наурызбай қажы Тағанұлы мекемелерде сотталғандармен кездесулер өткізіп, оның барысында барлық тілек білдіргендер оған өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды және инспектор теологтардың жұмыс істеу ережелерімен танысып, дін жолын ұстанатын сотталғандармен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің ұсынымдарын берді.
«Әрбір кінәлі болып, адасқан адамның түзелу жолына түсуіне құқы бар. Мемлекет басшысы «Жусан» арнайы операциясының арқасында Сирияға кеткен адамдардың отандарына оралуына мүмкіндік берді, өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді пайдалану қажет» - деп ой бөлісті Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, Бас муфтий Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ҚАЖК-мен бірлесіп экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында республиканың түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан дін жолын ұстанушы тұлғаларға белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Олар сотталғандарды діни бағытта тәрбиелеу жұмысымен айналысады. Діни уағыздар оқиды, дінге байланысты сұрақтарға жауап береді, Құранды зерделеуге көмек көрсетеді.
Дін қайраткерлерімен кездесулер апта сайын Қарағанды облысының барлық түзеу мекемелерінде өткізіліп тұрады.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД