
Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі түрмелерде ұсталатын қарулы
экстремизмдерден шыққан тұтқындардың саның дәл анықтау мүмкін емес.
Кейбір елдерде түрмелерде тек бірнеше қарсы тұрушы экстремизм болса, ал басқаларында мұндай тұтқындардың саны жүздеген, тіпті мыңдаған адамды құрайды. Осы сотталғандардың санаттарын ескере отырып, бас бостандығынан айыру орындары мәселені шешуде және экстремизмге қарсы күресте маңызды рөл атқарады деп айтуға болады және бұл рөлді Біріккен Ұлттар Ұйымы және жалпы халықаралық қауымдастық көбірек мойындайды.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД "АК-159/5 мекемесі" РММ-де сотталған жазасын өтеп жатыр, ол өз кезегінде ислам дінінде терең "адасып" кетті.
"Мен 19 жасымда бас бостандығынан айыру орындарына түстім. Менің жақсы отбасым бар: анам, әкем, әпкелерім және бауырларым. Бірақ отбасының барлық мүшелерінің ішінен мен жалғыз өзім бұзақы бала болып шықтым. Алдымен тәртіпсіз өмір салтын жүргіздім, сосын 20 жасымда бас бостандығынан айыру орындарына түстим, сотталушылар арқылы дәстүрлі емес діни әрекеттермен танысып, дін туралы жеткілікті білімге ие болмай, басқа сотталғандарды ислам дініне шақыруға тырыстым, оларды адастырып, діни көзқарастарын деструктивті идеологияға бой алдырдыруга ат салыстым.
Ұзақ уақыт бойы менімен ҚМДБ-ның білікті теологтары мен имамдары және психологиялық қызметкерлерінен құралған қызметкерлер жұмыс істеді. Осыдан кейін мен ислам діні және оны терең түсіну туралы пікірімді өзгерте бастадым. Діни әдебиеттерді оқуға, теолог қызметкерлерінен ұсынылатын бейнематериалдарды талдауға әуестендим. Отбасындағы оң қарым-қатынасты қалпына келтірді.
Қазіргі уақытта мен тезірек босатылуды, жұмысқа орналасуды және ең бастысы үйленуді армандаймын. Бір сөзбен айтқанда-бұрынғы өмірге оралу. Бұл үшін үлкен ынталандыру ретінде, менімен ұзақ жұмыс істеген ТРР қызметкерлері, ҚМДБ имамдары, үкіметтік емес ұйымдардың теолог – кеңесшілері менің бурынгы омирге оралуыма сенді. Қазір мен дерадикализация мәртебесінде тұрмын", - деп бөлісті сотталған.
"Біздің жұмысымызда басты назар дәстүрлі емес діни көзқарасы бар бас бостандығынан айрылған адамдардың арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарына бағытталған »- деді СӘТАПЖБ ТОЖ инспекторы
әділет ага лейтенанты А.К.Зейнуллин