Қоқыс тасығышпен тыйым салынған заттарды Қарағанды облысының колониясының аумағына өткібек болған.

Қоқыс тасығышпен тыйым салынған заттарды Қарағанды облысының колониясының аумағына өткібек болған.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/18 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздііг орташа колонияның аумағына тыйым салынған заттарды өткізу фактісінің жолын кескен.
А.ж.13 мамырында 49 жастағы ер адамның басқаруында келген «камаз» маркалы автомашинаны тексеру кезінде қоқыс багының контейнерінің астынан тыйым салынған заттар: "TEXEL" маркалы ұялы телефон, жасыл түсті өсімдік тәріздес зат, 20 дана ақ түсті таблеткалар, ерекше иісті зат табылған.
Аталған факті бойынша Абай аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылған, тиісті сарапатма тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
«А.ж. басынан бері Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері облыстағы колонияларға тыйым салынған заттарды өткізудің 15 фактісін анықтап жол кесті» - дейді АК-159/18 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Нұралы Дүйсенбеков.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД