Біріккен Ұлттар Ұйымы Қарағандылық қызметкерлер үшін семинар өткізеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қарағандылық қызметкерлер үшін  семинар өткізеді

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, психологиялық, тәрбие және жедел қызметтерінің қызметкерлері үшін экстремистік және террорлық бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту жөнінде төрт күндік семинар өткізілуде. Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 50-ден астам қызметкері экстремистік және террорлық әрекеттерге қарсы құқықтық негіздер саласында білімдерін жетілдіреді, Қазақстанның пенитенциарлық мекемелерінде зорлықшыл экстремистік және террорлық идеологияның таралуына мүмкіндік беретін факторлар мен жағдайлармен танысады. Семинарларды ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұлттық жаттықтырушылары БҰҰ эксперттіңк қолдауымен экстремистік және террорлық қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту мәселелері бойынша әзірленген оқу модульдерінің негізінде жүргізеді.
Өткізілген семинарлардың нәтижелері бойынша Қарағанды облысының 5 пилоттық пенитенциарлық мекемесінде экстремистік және террорлық бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандарды оңалтуға бағытталған, пенитенциарлық мекемелерде радикалды зорлықшыл күштерді болдырмау мақсатында жазаны өтеудің жеке жоспарлары жасалады. Пенитенциарлық мекемелер ішінде жүргізілетін оңалту бағдарламалары күш қолданудан бас тартуға мүмкіндік беретін шараларды қарастырады, оның ішінде: психологиялық консультациялар беру және қолдау көрсету; когнитивті-мінез-құлық терапиясы бағдарламалары; әлеуметтік жұмыстар бойынша шаралар; діни пікірталастар мен диаолог; оқыту; кәсіби даярлық; шығармашылық терапия; физикалық терапия (мысалы, иога, спортпен айналысу, денешынықтыру жаттығулары); сотталғанның отбасымен және туыстарымен байланыстарын қалпына келтіру және нығайту, сонымен бірге мәдени және демалыс шаралары қамтылады.
Семинарлар ЕуропалықОдақ, Нидерланды Үкіметі мен БҰҰ ТҚО-ның қаржылық қолдауымен «Пенитенциарлық мекемелерде экстремистік және террорлық бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жүргізілетін жұмыстарға қолдау көрсету және радикалды зорлықшыл күштерді болдырмау» БҰҰ Жаһандық бағдарламасының аясында ұйымдастырылған.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД