Қарағандылық құжатсыз өмір сүрген және ол үшін өзін жауапқа тартпайтынына сенімді болған.

Қарағандылық құжатсыз өмір сүрген және ол үшін өзін жауапқа тартпайтынына сенімді болған.

41 жастағы сотталған өзінің бірінші құжатын Қарағанды облысында алып отыр.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Абай аудандық №2 пробация қызметінің есебінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ сотталған тұрады. Ер адам құжаттарын алуға талпынған, бірақ туу туралы куәлігі болмағандықтан ала аламаған.
«Жұмысты мен құжатсыз-ақ таптым, әртүрлі жұмыс істеп табыс туып жүрдім, әйтеуір. Құжатсыз жүріп мен қандай да бір қылмыс жасап алам ба деп ойладым, мені жауапқа тартуы мүмкін еді, өйткені мен заңдық тұрғыда жоқ адам болатынмын» - деп сырын шертті жазасын өтеуші.
«Сот үкіміне сәйкес 1970 жылы туған, құжаттары жоқ сотталған біздің есепке алынды. Іс жүзінде біз оған әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жоспарын жасадық және оны іске асыруға кірістік. Жекебасын анықтау туралы мұрағаттық анықтамалар алу үшін қажетті сұраныстар жіберілді. Бұл аталған жұмыстар, әрине, біраз уақытты алатын. Бірақ жұмыстың нәтижесі сотталғанның өмірінде бірінші рет туу туралы куәлігі құжатын алуы болып табылады.
Сотталған басында жұмыстың оң нәтижелі болатынына сенбеген болатын, ол ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлігі бойынша 3,5 жылға бостандығын шектеуге сотталған еді. Мұндай жағдайдың себептері әртүрлі, мысалы, бірігіп ішімдік ішу, «қыздыратын сусындар» әсерінен сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласу болып табылатын. Бірақ бұл адам өзінің өткен өміріне саналы түрде көз жүгіртіп, түзелу жолына түсе бастағанын көрсетті» - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Абай аудандық №2 пробация қызметінің инспектор әділет аға лейтенанты Евгения Саган.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету аясында пробация қызметкерлері сотталғанға өмірінде бірінші рет туу туралы куәлігін алуына жәрдем берген болатын. Бірақ мұнымен құжаттарын қалпына келтіру аяқталмайды. Қазіргі уақытта жеке куәлігін алу жұмысы жүргізілуде. Одан соң сотталған адам ресми түрде жұмысқа орналасады және қажетті әлеуметтік жәрдемақыларын да алатын болады.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД.