"Қақпа алдындағы кездесу"

"Қақпа алдындағы кездесу"

Қазақстан Республикасының пробациялық қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан азаматтардың әлеуметтік оңалту Кешенді стртегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/7 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобаны орындау ұйымдастырылды.
Бұл шара бас бостандығынан айырылған тұлғаларды әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетумен, азаматтық қоғамға бейімделуге бағытталған.
15.04.2021 жылы мкекемеден жазасының өтелмеген бөлігін ауыстыру бойынша, сотталған Б., Теміртау қаласына тұрақты тұрғылықты жеріне босатылды.
Мекеменің арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет капитаны Е.К. Болатбековпен ЕТО бойынша инспекторы әділет майоры Б.С. Ахметова сотталғандарды құттықтай отырып, оларға қоғамның толық азаматы болуын тіледі. Сонымен қатар, босап шыққан тұлғаға карантин шараларына байланысты шектеулер жөніндегі ережелер түсіндірілді.
Атқарылған шараға сотталғанның туыстарымен, Теміртау қаласының пробация қызметкерлері шақырылды. Теміртау қаласының пробациялық қызмет бастығы әділет майоры Д.Н. Жахин және аға инспекторы әділет майоры Ж.М. Ахметовпен тұрғылықты жері бойынша есепке тұру бойынша, жұмыспен қамту органына есепке тұру, денсаулықсақтау және де басқа органдарға есепке тұру реті түсіндіріле отырып, оларға оңалтуға көмек көрсететін мемлекеттік мекемелердің деректері енгізілген жадынама берілді.