Қарағанды колониясында сотталғандар арасында "Кітап оқуда шекара жоқ" пилоттық жобасының қорытындысы шығарылды

Қарағанды колониясында сотталғандар арасында "Кітап оқуда шекара жоқ" пилоттық жобасының  қорытындысы шығарылды

Жыл басынан ҚР ІІМ "АК-159/5 мекемесі" РММ арнайы контингент арасында тәрбие жұмысы шеңберінде әзірленген және олардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған "Кітап оқуда шекара жоқ" пилоттық жобасын бастау алған болатын.
Жобада сотталғандардың белсенді қатысқаны үшін жақын туыстарына көтермелеу және алғыс хаттар алу мүмкіндігі болатын негізгі жағдайлар атап өтілді.

"Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының ПК есебінде тұрған сотталғандардың қайырымдылық бастамасы бойынша 300-ден астам кітап жиналып, біздің қамқорлығымыздағы балаларға сыйға тартылды. Осыған байланысты, мекемеде кітапхана сөрелері жаңа туындылармен: XIX –XX ғасырлардағы көркем, әлемдік, қазақстандық және орыс әдебиетімен жаңарды" - деді бастықтың ТЖ жөніндегі орынбасары әділет майоры Бекболат Бурлинов.

2021 жылдың 1 тоқсанында 15 сотталған әдебиет оқуға белсене қатысты. Қызығушылық танытқандар арасында сайыстың көрінісі қанша кітап оқылатынымен байқалды. Көбісі өздері үшін сүйікті поэзиясын атап өтті. Ал негізінен әлемдік және қазақстандық әдебиетке басымдық берілді.

"Мен ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі біздің зияткерлік дамуымызға көбірек көңіл бөлетінін, бізді түрлі конкурстарға, мәдени –көпшілік, спорттық, психологиялық іс-шараларға қызықтыратынын және енгізетінін ерекше қызығушылықпен бақылаймын. Бұл шынымен қызықты және ұзақ уақыт бойы жаман ойлардан алшақтатады.
" Кітап оқуда шекара жоқ" пилоттық жобасына қатысып, Мен балалық шағыма, мектеп күндеріне қайта оралып, жаза мерзімін ұмытып кеткендей болдым. Осы үш айда-90 күн бас бостандығынан айыру орындарында 9 жыл жеңіл толқынмен өтті. Белсенді қатысқаным үшін туыстарыма алғыс хат алдым. Менің ойымша, бұл олар үшін өте жағымды жаңалық болады.
Олар менің қателіктерімді түзетуге тырысатынымыа сенетін болады!"- деп ойын бөлісті сотталған адам.

"Басқа елдердің халықаралық тәжірибесі бойынша, сотталғандар шығарманың бүкіл сюжетін оқып, мерзімін 60 сағатқа қысқарта алады. Комиссия қорытындысына сәйкес, сотталғандар арасында " Кітап оқуда шекара жоқ " пилоттық жобасы өзін жағымды жағынан көрсеткенін сенімді түрде растай аламыз" - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Куат Араонов.