90 жасқа келген тыл еңбеккерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

90 жасқа келген тыл еңбеккерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйсі департаменті басшылығы ҚАЖД ардагерлері мен қаза тапқан қызметкерлерінің жұбайларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Халықаралық әйелдер күні мен 90 жасқа келген мерейтойын ҚАЖ зейнеткері және тыл еңбеккері Раиса Гончарик бірге тойлады. Соғыс жылдары Раиса Петровна 10-14 жаста болатын. Осынша жас болуына қарамастан ол ересектермен бірге еңбек еткен болатын.
«Ол кезеңде бәрі қолмен атқарылатын дала жұмыстарында болдым. Егістікті егін егуге дайыгдап, астық оратынбыз, бидай тазалау жұмысында қоса атқардық» - деп еске алады зейнеткер.
Өзінің барлық еңбек жолын Раиса Петровна 1960 жылдан 1986 жылға дейін АК-159/21 мекемесіндегі (Балқаш қ.) қажырлы еңбекке арнаған екен.
Еңбек жолын тауармаманы болып бастап, кейіннен өткізу бөлімінің бастығы міндетін атқарады, зейнетке АК-159/21 мекемесінде өткізу бөлімінің аға инспекторы лауазымында шығады. Қазір шөбересін тәрбиелеп отыр. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесі Раиса Гончарикке ІІМ ардагерінің төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен бірге мереке құрметіне ҚАЖД басшылығы АК-159/21 мекемесінің бақылаушысы, сотталғандардың топталып қарулы қашуы кезінде ерлікпен қаза тапқан Қашымбеков Жансеріктің отбачына барып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан атаулы құттықтауын табыс етті. ҚАЖД жеке құрамының атынан Жансеріктің жұбайы Армангүлге құрмет көрсетіліп, құттықтау сөздер айтылды.
ҚАЖД жедел бөлімінің қызметкерлері Министрдің құтттықтауын ҚАЖД жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Қарабаев Ғалымжан мен ҚАЖД жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Салфетникова Кириллдің жұбайларына жеткізді.
АК-159/25 мекемесі бастығы әділет подполковнигі Құсайынов Ұлан салтанатты жағдайда АК-159/24 мекемесінің бастығы бола жүріп жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған Өміртаев саяттың жұбайын құттықтады.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД