
Алғыс айту күні-қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Қазақстан халқы бұл мерекені алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 1 наурыз – Алғыс айту күні.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/11 мекемесінде Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті.
"Құрметті әріптестер! Көктемнің алғашқы күні-Алғыс айту күні ең шынайы құттықтаулар мен ізгі тілектерді қабыл алыңыздар. Сіздерге мықты денсаулық, табысты және жемісті қызмет тілеймін. Сіздерге және отбасыларыңызға бейбітшілік, амандық, бақыт және жақсылық тілеймін!"- деді мекеме бастығы әділет полковнигі Ерлан Апаханов.
Салтанатты шарада мекеме қызметкерлері грамоталармен марапатталды.
Аталған іс-шарада Қарағанды облысы 6505 әскери бөлімі бригадасының командирі полковник Хамит Қазенов құттықтау сөз сөйлеп, жедел бөлім бастығы әділет капитаны Қанатбек Ибрагим Сұлтанұлына алғыс хат пен "Қазақстан патриоты" медалін табыс етті және барлығына денсаулық, бақыт, бірлескен қызметте жемісті табыс және ашық аспан тіледі!