Қарағанды колониясының қызметкерлері 2020 жылғы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жауынгерлік қаруды тапсырумен құттықтады

Қарағанды колониясының қызметкерлері 2020 жылғы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жауынгерлік қаруды тапсырумен құттықтады

6505 ә/б 3 атқыштар батальонының 7 атқыштар ротасының күзгі шақыру компаниясы әскери бөлімдерді толықтырды.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК – 159/5 мекемесін күзету жөніндегі жауынгерлік қызметке кірісетін ІІ-2020 жылғы әскерге шақырудың жас сарбаздарына режим бөлім бастығының орынбасары С.М. Кешубаев, батальон командирі, рота командирі жауынгерлік қаруды тапсырды.
Салтанатты шара 6505 ә/б 3 атқыштар батальонының 7 атқыштар ротасында өтті.
Соңында жас сарбаздармен режим бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны С.М. Кешубаев "күзетілетін объектідегі жедел жағдай"тақырыбында сабақ өткізді.

"Бұл сарбаздар өміріндегі ұмытылмас оқиға. Олар ата-аналарының, халқының және Ел Президентінің сенімін ақтай отырып, Отан алдындағы конституциялық борышын абыроймен орындауға дайын. Біз өз кезегімізде оларға денсаулық пен рухани өсуді тілейміз",-деді АК-159/5 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Игорь Бендерский.