Туған күн тойланбай қалды

Туған күн тойланбай қалды

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 мекемесінің қызметкерлері ішімдік өткізу фактісінің жолын кесті.
Ағымдағы жылдың 26 қазанында 30-жастағы тергелуші-қамауға алынған тұлғаға әкелінген тағамдардың ішінен қою қоңыр түсті ерекше иісті сұйықтық құйылған шөлмектер табылды. Тексеру барысында төрт шөлмектің екеуінде жалпы сыйымдылығы 3 литр коньяк ішімдігі болғаны анықталды.
Әкелген сәлемдемесінің арасынан коньяк ішімдігі табылған 24-жасар қала тұрғыны ағайының 25-і күні болатын туған күніне мерекелік сәлемдеме әкелгенін, бірақ сәлемдемеде ішімдік барын білмегенін түсіндірмекші болды.
Қала тұрғынының мұндай өрескел әрекеті тергеу изоляторы бақылаушыларын таң қалдырды.
Осы факті бойынша тергелуші-қамауға алынған азаматтың жиені әкімшілік құқықбұзушылық туралы құжаттар рәсімделіп, қалалық әкімшілік сотына жіберілді. 2 шөлмек коньяк ішімдігі хаттамаға тіркелетін болады.


Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД