
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД кадр қызметінің қызметкерлері «Сарыарқа» телеарнасында «Уақыт KZ» бағдарламасына қатысып, онда ҚР ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі туралы түсінік берді.
2021 жылдың қаңтарынан бастап ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. ІІО-на қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына қызметке қабылдау ІІМ білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлық арқылы жүргізіледі.
Іріктеу рәсіміне құжаттар қабылдау, әскери-дәрігерлік комиссияда медициналық куәландырудан өту, соттылығы жоқтығына міндетті арнайы тексерістер жүргізу енгізілген. Іріктеу және оқыту ҚР ІІМ білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Облыс бойынша ҚАЖ мекеамелеріне қызметке қабылдау мәселесі жөнінде облыс бойынша ҚАЖД кадр саясаты бөліміне хабарласауға болады, мекенжайы: Қарағанды қ. Поспелов к-сі, 17 үй, телефоны: 30-01-60.