Ұялы механизмі бар шәйнектер

Ұялы механизмі бар шәйнектер

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесінің қызметкерлері Ұнтақ тәрізді зат пен екі мобильді құрылғыны беру әрекетінің жолын кесті.
АК-159/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамға екі электр шәйнегі мен өнімдері бар, салмағы 14 килограмм сәлемдеме келді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды жасырудың күрделі тәсілдерін біліп, бұрағышпен қаруланған олар электр шайнектерін бөлшектеуге шешім қабылдады. Оның барысында екі шәйнектің тұтқасынан 4 фольга түйіні табылды, онда екі мобильді құрылғы мен екі SIM-карта оралған, сондай-ақ екі дана мөлшерінде сұр түсті полиэтилен пакетке оралған, ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат табылды. 
Мекемеге Абай ауданының ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері шақырылды.
Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД