Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 мекемесінде ұсталып отырған екі сотталған екі ұялы телефон кіргізу үшін қызметкерге пара бергісі келген.
Қапаста бірге отырғандар бұрыннан ұялы телефон иемденгісі келген, бірақ жоспарларын жүзеге асыру үшін тергеу изоляторы қабырғасында ыңғайлы адам таба алмаған. Жақында мекемеге жаңадан қызметкер келеді. Жай әңгімеден бастаған олар біраз уақыттың ішінде қызметкердің пайдакүнемділік мақсаты талаптарын түсіну үшін жемқорлық жүйесімен қосымша ақы табу туралы әңгімеге тартқан.
Сонымен, сотталғандар мекемеге екі ұялы телефон кіргізуді ұсынады. Өз ұсынысын сотталғандар 30 000 теңгеге бағалайды, мұнымен бірге егер ұялы телефон қапаста өздерінде болса апта сайын оларға телефонды қолдануға және қызметкердің құпияда ұстауы үшін 100 000 теңге шамасында төленіп тұратынын айтқан. Сотталғандар сыбайласына хабарлау үшін телефон нөмірі және пароль жазылған қағаз береді.
Бірақ мекеме қызметкері мекеме басшылығына және тиісті орындарға хабарлаған.
Сонымен 1 қазан күні сағат 19.30 шамасында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлімі қызметкерлері және қауіпсіздік қызметі қызметкерлерімен сол орында қапаста бірге отырғандар, сонымен бірге қызметкерге телефон және пара берген сыбайласы ұсталады.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД.