Қарағанды қаласы тергеу изоляторына ерекше иісті жасыл түсті затты өткізбекші болды

Қарағанды қаласы тергеу изоляторына ерекше иісті жасыл түсті затты  өткізбекші болды

Алдын ала мәлімет бойынша 32-жасар қала тұрғыны шәймен бірге есірткі затын өткізмекші болды.
АК-159/1 мекемесі (ТИ- 16) режим және күзет бөлімінің қызметкерлерімен сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде азық-түліктерді тексеру кезінде тыйым салынған заттың өтуінің жолы кесілді. Целофан пакетке салынған шәйдің ішінен ерекше иісті жасыл түсті зат табылды. Табылған зат қызметкерлердің күдігін туғызды. Анықталған орынға тергеу-шұғыл тобы шақырылып, тек содан кейін ғана ер адам расымен шәймен есірткі затын жібермек ниеті болған кінәсін мойындады.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, тексеру жүргізілуде.
АК-159 мекемесіне келер алдында ер адам қолдануға тыйым салынған заттарды әкелгені үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі туралы ескертілген болатын.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД