
Акция барысында еріктілер тарапынан дайындалған мектеп құралдары әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына табысталды. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, балалардың білім алуына жағдай жасау және қоғамдағы қайырымдылық пен өзара көмек құндылықтарын дәріптеу. Игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға септігін тигізді.
Ашық аспан астында өткен мәдени шара барысында қатысушылар композитордың ел жүрегінен орын алған әндерін жанды дауыста орындап, домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Кеш бағдарламасына ұлттық өнерді дәріптейтін би қойылымдары да енгізілді. Қатысушылар "Ана туралы жыр", "Арыс жағасында", "Ақ ерке – Ақ Жайық", "Қуаныш вальсі" секілді Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндерін орындады. Музыкалық кештің негізгі мақсаты – сотталған азаматшалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, композитордың мол мұрасын дәріптеу және өнер арқылы жағымды эмоциялық орта қалыптастыру. Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән мен күй, би мен әуезді музыка үйлесім тапқан кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай мәдени-шығармашылық іс-шаралар сотталған азаматшалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың өнерге, ұлттық құндылықтарға және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған жиын өткізілді.
Жиынды Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Берік Бакулин ашып, қызметтік тәртіпті сақтау мен заң талаптарын қатаң орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған жиында Атырау облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Аскербеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау бағыттарына нақты тоқталды. Және де қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста мәдениеттілік пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы атқару арқылы коғамның құқық, қорғау органдарына деген сенімін нығайту маселелері талқыланды.
Сонымен қатар, моральдық-психологиялық ахуалға қатысты анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдын алу бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы Nº 218
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары
қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу кағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі- бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсаты - кызметкерлерді жоғары тұрған
басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша 4 ші
тоқсанға кадрлық жоспарлау.
Атырау облысы бойынша КАЖД бастығы номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үлгіге сәйкес баянат ЖҚЖБ арқылы береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
басшылық лауазымдарга қойылатын ең, төменгі біліктілік талаптарына сейкес келмейтін (ІМ-нін,
2020 жылы 12 маусымдағы Nº463 бұйрығы).
Атырау облысы бойынша КАЖД бастығы номенклатурасы үшін ең, төменгі біліктілік талаптары:
- Мекеме бастығының орынбасары -C-SGU-4 жэне
C-SGU-6 санат;
- бөлім бастығы - C-SVO-4 жэне C-SGU-8 санаты;
- бөлімшесінің бастыты - C-SVO-6 және C-SGU-10
санаты ;
- бөлімшесі бастығының орынбасары - C-SGU-10
санаты;
- пробация қызметінің, бөлім бастығы - C-SVR-4
санаты;
- пробация кызметінің
-бөлімшесінін бастығы - С-
SVR-5 санаты;
- Атырау қалалық, пробация қызметінің, бөлімі
бастығының орынбасары - С-
SVR-5 санаты;
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар, оларга қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жадайда ЖҚЖЖ бөлімшесіне хабарласуға болады,
каб. Nº 24, анықтама телефондары 8 (7112) 45-68-88, 45-62-41 электрондық мекен-жайлар
er.bisengaliev@mvd.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер
етпейді.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында жазғы спартакиада өткізілуде. Аталған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және қызметтік даярлықты арттыру.
Спартакиада бағдарламасына тоғыз спорт түрі енгізілген. Атап айтқанда, шахмат, асық ату, үстел теннисі, балық аулау, киберспорт, жылдамдыққа жүгіру, пейнтбол, волейбол және садақ ату бойынша жарыстар ұйымдастырылуда. Қатысушылар әр кезеңде өздерінің ептілігі мен төзімділігін, тактикалық ойлау қабілеті мен командалық үйлесімділігін көрсетіп, тартысты бәсекеде бақ сынауда.
Жарыстың екінші күні балық аулау, садақ ату, киберспорт және пейнтбол спорт түрлерінен жеңімпаздар анықталды. Әрбір сайыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылардың спортқа деген қызығушылығы мен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.
Жазғы спартакиада жалғасуда. Алдағы күндері волейбол мен жылдамдыққа жүгіру жарыстары өткізіліп, жалпы командалық есеп бойынша үздіктер анықталады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен жекелеген спортшылар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
🔹Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Кеңеске департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен бағынысты мекемелердің басшылары қатысты.
🔹Жедел кеңесті Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Берік Сансызбайұлы жүргізіп, бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелеріне жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар, режим талаптарының сақталуы, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтік тәртіп мәселелері қарастырылып, анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар берілді.
🔹Кеңес қорытындысында алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, қызмет тиімділігін арттыру, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, сондай-ақ жүктелген міндеттерді сапалы орындау бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
№79 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін дипломдар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың білім деңгейін арттыруға қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыру.
Салтанатты шара барысында оқу бағдарламасын ойдағыдай аяқтаған түлектерге дипломдар табысталып, алдағы өмір жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тіленді. Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың жаңа өмірге деген сенімін нығайтты.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
🔹№15 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері сәлемдемелерді тексеру барысында ішіне жасырылған ұялы байланыс құралдары мен оларға арналған керек-жарақтарды анықтап, тәркіледі.
🔹Аталған дерек бойынша материалдар жинақталып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
🔹Мекемеде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Іс-шара барысында департамент бастығы, әділет полковнигі Берік Сансызбайұлы жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлердің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі еңбегіне алғыс білдірді.
Мерекелік жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлер мен сала ардагерлері марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.
Шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлі атап өтіліп, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектері жоғары бағаланды.
🔹Қазақстан полициясы күні қарсаңында Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағалауында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
🔹Іс-шараға Атырау облысының күштік құрылымдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдардың өнері көпшілік назарына ұсынылды.
🔹Концертті тамашалағандардың қатарында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері де болды. Шара қатысушылары көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мәдени бағдарламаны жоғары бағалады.
🔹Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін дәріптеу, халық пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайту және ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңызын насихаттау.
🔹Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік кеш тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырып, патриоттық рухты нығайтуға өз үлесін қосты.