Ұстаздар күні мерекесі

Ұстаздар күні мерекесі

 

Қазақстанда мұғалімдер күні дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай ұстаздардың еңбегі әрқашан да өлшеусіз. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесінің (әйелдер колониясы) және мекеме жанындағы колледж мемлекеттік мекемесінің білім алушылары аталған мерекеге ерекше атсалысты. Мереке қарсаңында олар колледж ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, өз кабинеттерін әрлеуге ықыласпен кірісті. Мереке бұл жұмыстармен ғана шектелмеді.
Атаулы мерекеге орай, УГ-157/11 колледжі студенттерінің арасында «Менің алғашқы – ұстазым» атты эссе жазу байқауы өтті. Байқау барысында студенттер алғашқы ұстаздарымен, мектеп табалдырығындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Эссені әсерлі және үздік етіп жазған студенттерде болды. Байқау қорытындысында 11 қатысушыға арнайы гүл шоқтары мен Дипломдар табыс етілді.