Қазақстан халқының тілдері мерекесі

Қазақстан халқының тілдері мерекесі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесінің (әйелдер колониясы) және мекеме жанындағы колледж мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі атап өтілді.
Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мереке Қазақстан халықтарының сан ғасырлық құндылықтарын сақтауды көздейді.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған.
Мерекенің сотталғандар арасындағы маңызын насихаттау мақсатында «Қазақ тілі – өрісі мол қазына» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Қазақ тілін ұлттар арасында дамыту, қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысқандар арасында 3 қатысушы жеңімпаз атанып, сыйлықтармен, гүл шоқтарымен марапатталды.