"Учаске" атты Республикалық профилактикалық iс шарасы

"Учаске" атты Республикалық профилактикалық iс шарасы

Есепте тұрған сотталғандар тарапынан қоғамдық тәртіп бұзуына және қылмыстың кайталануына жол бермеу мақсатында өткізіліп жатырған "Учаске" атты Республикалық профилактикалық iс шарасы кезінде Жылыой аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар 150-ден аса тексеру жұмыстары жүргізiлген болатын. Соған қарамастан сот үкімімен тағайындалған жеңіл жаза түрін тиімді пайдаланбай, тәртіп бұзушылыққа жол бергендер саны азаймай отыр, тексеру барысында 5 сотталған құқық бұзушылықтары үшін тиесілі ескертулерiн алып, Жылыой аудандық сотына бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға ұсыным жiберiліп, 1 сотталғанға қатысты іздеу жарияланды. Жыл басынан 20-ға жуық сотталған осы тектес құқық бұзушылықтары үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған болатын....