Сотталғанға сыйлық

Сотталғанға сыйлық
30.08.2021 жылы сағат 08:50 шамасында Атырау облысы бойыша ҚАЖД УГ-157/9 түзету мекемесінің ішкі аймағына белгісіз адамдармен тыйым салынған заттарды лақтыру фактісі тіркеліп отыр. Атап айтқанда 11 дана скотчпен оралып, белгі бергіш жарықтарымен бекітілген 9 ұялы телефондар, сим карта және т.б. аксесуарлар тәркіленді. Алайда, түнгі кезде жылдам тауып алу үшін арнайы жарқылдауық маяк салынған сыйлықтарды мекеме қызметкерлері дер кезінде анықтады.
Кейін, мекеменің сыртқы аймағында орналасқан «Сергек» бейнебақылау құрылғысының көмегімен заңсыз іске қатысты тұлғаның автокөлігін, кімге тиесілі екендігін айқындап, қазіргі таңда айғақтар жинақталып, әкімшілік жаза тағайындау мақсатында іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар, мекеменің жедел уәкілі сәлемдеме қай сотталғанға тиеслі екендігін анықтап, соңғысы тәртіптік изоляторға қамалды. Жақсылық жасаймын деп жауапқа қалды деген осы болса керек.