"Еңбек - ырыс қазынасы" деп бекер айтылмаса керек, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметтеріне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы лауазымында қызмет атқарған әділет майоры Кабдолов Нурлан Калимухановичті Департамент ұжымы зейнеткерлікке салтанатты рәсіммен шығарып салды. Н.К. Кабдолов Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 2007 жылдан бастап елеулі қызмет атқарып, өзінің біліктілігі мен кәсібилігін таныта білген жан. Қызмет атқару барысында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің және Департамент бастығының Құрмет грамоталары мен түрлі Алғысхаттарымен бірнеше рет марапатталып, еңбегі еленген. Осыған орай, Департамент ұжымы Кабдолов Нурлан Калимухановичті зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, жүрек жарды тілектерін арнап, алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Н.К. Кабдолов барша ұжымға рахметін айтып, алдағы уақытта жас мамандардың өз Отанына адалдықтарын сақтап, аянбай қызмет ету қажеттігін түсіндіріп, өзінің еңбек жолынан сыр шертті.