УГ-157/11 түзету мекемесі жанындағы колледж түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

УГ-157/11 түзету  мекемесі жанындағы колледж түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

тырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі  Департаменті УГ-157/11 түзету  мекемесі жанындағы колледж түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Салтанатты шараға мекеме бастығының орынбасарлары Марта Орынбасаровна Утепова, Медет Серикбаевич Аджикулов қатысты. Салтанатты шараны мекеме бастығының орынбасары Марта Орынбасаровна Утепова құттықтау сөзімен ашып, дипломдарды колледж директоры Орынтай Молдашевна Бимановаға табыстап, түлектерге ақ жол тіледі. Барлық бітірушілерге алқызыл гүл шоқтары сыйланып, тәтті сыйлықтар берілді.
Оқу орнының 14 студенті орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған туралы диплом алды. Сонымен қатар арнаулы мамандық курстарына қатысқандар да сертификаттарға ие болды. Тегін білім алу құқығына ие болып, болашақ өмірге жолдама алған түлектердің қуанышында шек жоқ.
Түлектердің кейбіреуі колония жанындағы тігін цехында жұмыс жасаса, бірқатары білімін одан әрі жалғастырмақ ниетте.
Бітірушілер колония басшылығына, колледж ұжымына дән риза. Сапалы білім, саналы тәрбие берген қызметкерлерге алғысы зор.