Қазақстан Полициясы күні қарсыңында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің музейі ашылды.
Нысанның ашылу салтанатына ІІО ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Мыңбаев ардагер А. Дурманов, ҚР ҰҰ 5546 әскери бөлімінің, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері және бірнеше саладан арнайы келген қонақтар қатысты.
Музейге қызметкерлердің қызметте қолданған ескі заттары мен 20-ға жуық жәдігерлер, сонымен қатар департаментке қарасты мекелердің макеттері қойылған.
«Бүгін міне, алғаш рет ашылып отырған музей қызметкерлер мен ардагерлер үшін маңызды оқиға. Қылмыстық-атқару жүйесінің тарихын кейінге сақтау, осы саланы дамытуға үлесін қосып, мол еңбек еткен ардагерлеріміздің еңбектері жас ұрпаққа нағыз, өз ісінің шебері болуға үлкен септігін тигізері сөзсіз – деді департамент бастығы М.Габдуллин.
Қонақтар мен ардагерлер музеймен танысып, қызметкерлердің өмірі мен шығармашылығына және мемлекеттік қызмет жолына арналған экспозициялық көрмені тамашалады.