
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 22 маусым күні аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мекемесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Исатай аудандық пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар қатыстырылды.
Жәрмеңке барысында сотталған азаматтарға бос лауазымдар ұсынылып, әрі қарай жұмыс барысы түсіндірілді.