
Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Макат аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасың өтеген адамдарға әлеуметтік өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативті кеңесші органдарының кезекті комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде Мақат аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша және медициналық көмек көрсету жөнінде мәселелер қозғалды.