«Тәуелсіздік тарландары» тақырыбында кездесу

«Тәуелсіздік тарландары» тақырыбында кездесу

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты мекеме қызметкерлерін патриоттық тәрбиелеу, адамгершілік, моральдық және іскерлік қасиеттерді қалыптастыру, тарихи құндылықтарды дәріптеу мақсатында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік тарландары» тақырыбында Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Қ.Н. Шонаевтың төрағалығымен тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген, желтоқсан оқиғасына қатысушы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғалия Айсақызы Салтанова арнайы шақыртылып кездесу ұйымдастырылды.