7 мая - День защитника Отечеств «Ел қорғаны – ер жігіт»

7 мая - День защитника Отечеств «Ел қорғаны – ер жігіт»

7- мамыр Отан қорғаушылар күні айтулы мерекенің бірі. Олай болатыны, Отан алдында адал қызмет атқарып, тынбай еңбек етіп жүрген абзал азаматтарымыздың қоғамдағы орындары ерекше. Оларға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес, ер –азаматтар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.
          Мереке қарсаңыда Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 мекемесінің қыздарының ұйымдастырумен мекеменің ер азаматтары арасында спорттық сайыс ұйымдастырлып өткізілді. Сайыстың мақсаты: қызметкерлерге көтеріңкі көңіл-күй туғызу және өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Сайыс 8 бөлімнен тұрды. 3 топқа бөлінген сайыскер жігіттер, қол күрес, асық ойнау, арқан тартыс сынды ұлттық ойындармен қатар, кешенді жаттығулар жасап, ән айтып, күй тартып, би биледі.  № 13 мектеп лицейдің директоры Болатбекұлы Досжан, ҚАЖ ардагері З.М. Жиенгалиева, мекеме бастығының орынбасары  әділет майоры М.О. Утепова әділ қазылық жасап, белсенді өнер көрсеткен  «Қыран тобына» -1 орынды, «Алғырлар тобына» - 2 орынды, «Барыс» тобына 3- орынды табыстап, дипломдармен марапаттап, сыйлықтар ұсынды.