GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Пробациялық бақылау
19 августа 2026
Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

18-21 тамыз аралығында Астана қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында пробация қызметінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді.

Сонымен қатар, заңнама талаптары мен қайталама құқық бұзушылық жасаудың салдары түсіндіріледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қайталама құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттердің профилактикасын жүргізу және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.

Кадр саясаты
18 августа 2026
«Заң мен Тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы»

«Заң мен Тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Халықаралық жастар күніне орай «Заң мен Тәртіп: жастар – тәуелділікке қарсы» атты WORKSHOP-FORUM іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жас қызметкерлері қатысып, жастар арасында құқық бұзушылықтың, есірткіге тәуелділіктің және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасты.

WORKSHOP-FORUM барысында қатысушылар жастар арасында тәуелділіктің алдын алу, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттырудың заманауи тәсілдерін талқылады.

Жұмыс топтарында өткен пікірталастар барысында практикалық ұсыныстар әзірленіп, жастарды есірткіге, құмар ойындарға және басқа да тәуелділік түрлеріне тартудың алдын алу бағыттары қарастырылды.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жас қызметкерлерінің іс-шараға белсенді қатысуы тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жастар арасында «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
18 августа 2026
Абай күні

Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында тағылымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында мекемеде жазасын өтеушілер ағаштан түрлі бұйымдар жасап, олардың бетіне қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының портретін бейнеледі. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыстарға ақынның ғибратты сөздері мен өлеңдерінен үзінділер енгізілді.

Қолдан жасалған бұйымдар арқылы қатысушылар Абайдың мол әдеби мұрасын насихаттап, оның адамгершілік, білім, еңбек және рухани кемелдік туралы тағылымды ойларын кеңінен дәріптеуге үлес қосты.

Мұндай шығармашылық жұмыстар жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, еңбекке баулуға және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Оның шығармалары мен тағылымды ойлары бүгінгі ұрпаққа да, келешек ұрпаққа да бағыт-бағдар беретін мәңгілік мұра болып қала береді.

Цифрландыру және байланыс
Режим, қадағалау және күзет
18 августа 2026
Тергеу изоляторында жаңатергеу кабинеттері ашылды

№64 мекемесінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді.

Жаңа нысан Астана қаласының барлық аудандық тергеушілеріне арналған. Мұнда сұхбат алу, тергеу және өзге де процестік іс-шараларды өткізуге қолайлы әрі заманауи жағдай жасалған.

Бұл бастама қылмыстық процестің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыруға бағытталған.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру
24 июля 2026
Жазаны болашаққа пайдамен өткізу

Көпшілік сотталған азаматтардың жазаны өтеу мерзімі тек мекемеде уақыт өткізумен шектеледі деп ойлайды. Алайда бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаны өтеу кезеңі азаматтардың еңбекке баулынуына, жаңа мамандық меңгеруіне және қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған маңызды кезеңге айналып отыр.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталғандарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Еңбекке тарту олардың уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, жауапкершілік, тәртіп және еңбекке деген құрмет сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Соның жарқын мысалдарының бірі – №2 мекемедегі өндірістік цехтар. Мұнда сотталған азаматтар жиһаз өндірісімен айналысып, жұмсақ жиһаздар, дивандар, креслолар, шкафтар, үстелдер, ағаш орындықтар және басқа да тұрмыстық бұйымдарды дайындайды. Өндірілген өнімдер белгіленген талаптарға сай дайындалып, түрлі ұйымдар мен жеке тапсырыс берушілердің сұранысына ие.

Сонымен қатар мекеме аумағында темір-бетон бұйымдарын шығаратын өндіріс жұмыс істейді. Бұл жерде сотталғандар құрылыс саласында кеңінен қолданылатын темір-бетон өнімдерін жасап, еңбек тәжірибесін жинақтап, болашақта сұранысқа ие мамандықтарды игеруге мүмкіндік алады.

Өндірістегі еңбекпен қатар сотталғандар түрлі кәсіптік дағдыларды меңгеріп, өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасалған. Алынған тәжірибе мен білім бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға және қоғамға сәтті бейімделуге жол ашады.

Еңбек – түзеу процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Күнделікті жұмыс арқылы сотталғандар жауапкершілікті сезінуді, еңбек тәртібін сақтауды, ұжыммен жұмыс істеуді және адал еңбекпен табыс табудың маңызын түсінеді.

Қылмыстық-атқару жүйесінің басты мақсаты – жазаны орындаумен қатар, азаматтың түзелуіне және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасау. Сондықтан өндірістік еңбек, кәсіптік машықтарды меңгеру және жаңа мамандық игеру – сотталғандардың болашақ өміріне жасалған маңызды инвестиция. Жазаны пайдалы өткізу арқылы олар бостандыққа шыққан соң қоғамның толыққанды мүшесі ретінде жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады.

Пробациялық бақылау
24 июля 2026
Астанада рақымшылыққа іліккен алғашқы сотталған азамат бостандыққа шықты

Астана қаласында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты қабылданған Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жарияланған рақымшылық аясында алғашқы сотталған азамат бостандыққа шықты.

Аталған азамат Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған.

Бостандыққа шыққан азамат пробация қызметі қызметкерлеріне өзіне көрсеткен қолдауы, жан-жақты көмегі мен тұрақты сүйемелдеуі үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, пробация қызметкерлерінің кәсіби қолдауы қоғамға қайта бейімделуге, дұрыс өмір жолын таңдауға және заңға бағынатын азамат ретінде өмірін жалғастыруға үлкен ықпал еткен.

Рақымшылық актісі азаматтардың түзелуіне мүмкіндік беруге, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасауға және ізгілік қағидаттарын іске асыруға бағытталған.

Бостандыққа шыққан азаматтың пробация қызметі қызметкерлеріне алғысын білдірген бейнеүндеуін төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.

Пробациялық бақылау
24 июля 2026
Пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шара өтті

Службой пробации района Есиль Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Астане совместно с прокуратурой района Есиль и Центром карьеры района Есиль было организовано мероприятие, направленное на содействие трудоустройству граждан, состоящих на учете службы пробации.

Основной целью мероприятия стало содействие обеспечению постоянной занятости лиц, состоящих на учете службы пробации, оказание поддержки в их социальной адаптации и предупреждение повторных правонарушений.

В ходе встречи специалисты Центра карьеры подробно проинформировали участников об имеющихся вакансиях на рынке труда, мерах государственной поддержки, программах профессионального обучения и механизмах содействия занятости. Кроме того, участникам были разъяснены порядок трудоустройства и предоставлены индивидуальные консультации.

Проведение данного мероприятия стало результатом эффективного взаимодействия службы пробации, органов прокуратуры и органов занятости. Подобные инициативы способствуют социальной адаптации граждан, состоящих на учете службы пробации, их трудоустройству, получению стабильного дохода и формированию законопослушного образа жизни.

Пробациялық бақылау
24 июля 2026
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді

Астана қаласы Алматы ауданының пробация қызметі қызметкерлерінің бастамасымен волонтерлік қызмет аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға азық-түлік себеттері түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл игі іс азаматтарды қолдауға, олардың қоғамға бейімделуіне және қайта әлеуметтенуіне ықпал етуге бағытталған. Қайырымдылық пен жанашырлық – қоғамдағы өзара сенім мен бірлікті нығайтатын маңызды құндылықтар. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Кадр саясаты
24 июля 2026
Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 23–24 шілде аралығында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдерімен бірлесіп, алдағы уақытта Ұлттық ұланның Аршалы кентінде орналасқан әскери бөлімінің әскери қызметшілерін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарамағына беру мәселесіне байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара барысында әскери қызметшілерге Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет өткеру тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер, ақшалай қамтылуы, тұрғын үй төлемдері, қызметтік өсу мүмкіндіктері, қызметке қабылдау талаптары мен қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндіріліп, олардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілуде.

Кадр саясаты
24 июля 2026
Кезектен тыс аттестация өткізу туралы

Астана қаласының ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы жылдың 26 наурызындағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациялау ережелерін бекіту туралы» бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) аясында кезектен тыс аттестация өткізу туралы хабарлайды.
Мақсаты – қызметкерлерді жоғары басшылық лауазымдарға ілгерілету бойынша жақындағы тоқсанға кадрлық жоспарлау жүргізу.
ІІМ-нің 2025 жылғы 28 шілдедегі №556 бұйрығына сәйкес лауазымдарды алып жатқан, БІҰМ номенклатурасына жататын және кезектен тыс аттестациядан өтуге қалауы бар қызметкерлер хабарлама жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ БІҰМ Астана қаласының ТЖЖБ Жеке құрам жұмысы бөліміне үлгі бойынша рапорт және «Документолог» жүйесі арқылы құрастырылған өмірбаянын тапсырады.
Кезектен тыс аттестацияға мынадай қызметкерлер рұқсат етілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын минималды біліктілік талаптарға сәйкес келмейтіндер (ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Астана қаласы бойынша ҚАЖД номенклатурасы үшін минималды біліктілік талаптары

2) ағымдағы тәртіптік жазалары бар қызметкерлер;

3) қатысында қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Астана қаласының ТЖЖБ Жеке құрам жұмысы бөліміне хабарласыңыз

Ескерту: Кезектен тыс аттестацияның нәтижелері кезекті аттестацияның өткізілу мерзімдеріне әсер етпейді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы