
«Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметі мен полиция бөлімшелеріндегі өзара іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы» ҚР ІІМ 18.08.2014 ж. №517 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің Алматы ауданының пробация қызметі мен №5 ЖУП бірлісіп- «Пробация» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайын тексеру жүргізіп, қайта қылмыстылыққа тартылу және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандырды жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, тексеріс барысында бірнеше сотталғандарға ҚР ӘқБК 492 бабымен хаттама толтырылып, ескерту жарияланды.