Сотталғандармен әңгімелесу

Сотталғандармен әңгімелесу

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы әділет майоры Айгүл Серікқызы Даутова мекемеге жаңадан келген сұрыптау бөлімінде орналасқан сотталғандармен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында сотталғандарға қылмыстық – атқару кодексінің 119,130,131 – баптары түсіндірілді.

-«Мекеме қауіпсіздігі барынша төмен болғандықтан сотталғандар мекемеден тыс аумақта жұмыс істеуге құқылы, және оларды жұмыспен қамтуы және ұйымдастыру бөлімнің басты міндеті. Сотталғандарды жұмыспен қамтуымыз үшін олармен сұхбат жүргізудің маңыздылығы жоғары. Сұхбат барысында қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабы 2-тармақшасында көрсетілгендей олардың жасын, денсаулық жағдайын, жынысына, еңбекке қабілеттілігіне қарай жұмыспен қамтимыз»-дейді, бөлім бастығы Айгүл Серікқызы Даутова. Мекеме көптеген мемлекеттік обьектілермен, жеке кәсіпорындармен келісім-шарт негізінде сотталғандарды жұмыспен қамтуда. Олардың ішінде құрылыс компаниялары, тігін цехтары, жол белгілерін дайындау т.б. осы сынды жұмыс обьектілері бар. Сұрыптау бөліміне келген сотталғандарға айлық жалақысы, керек құрал-жабдықтарымен қамтуы, жұмыстың уақыты т.б. сұрақтарына жауап берді.