
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарынан бастап "Құқықтық тәртіп"жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Бұзушылықтарды анықтау мақсатында Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны М.қ. Нұрғалиева "Алматы" ауданы ҚПБ№12 учаскелік инспекторы полиция капитаны М. Б. Смағұловпен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған есепке алынған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ, есеп беретін адамдар тұрғылықты жері бойынша болды. Сонымен қатар, сотталғандармен қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, тіркеуге уақтылы келу, тұрғылықты жерін ауыстыру туралы хабарлама, ойын-сауық мекемелеріне бармау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, сондай-ақ белгіленген міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді