
2021 жылы 7 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» №81-VII Заңы қабылданды.
Жалпы заң жобасының мақсаты – сотталғандарды оншау ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны өтеуден босату, сондай-ақ кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімінн қысқарту болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» аудандық пробация қызметінің есебінде Н. есімді сотталған тұрады. Пробациялық бақылау мерзімі ішінде сотталған сот жүктеген міндеттерді бұзбай, оң мінез-құлықты танытты.
Сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-ның 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №81-VII Заңы қолданылып, Байқоңыр аудандық №2 сотының қаулысымен сотталғанның жаза өтеу мерзімі 1/3 бөлікке қысқарды.