
2021 жылғы 15 желтоқсанда ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданының № 2 аудандық соты "Ш"бостандығын шектеуге сотталған адамға қатысты жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданының пробация қызметінің ұсынысын қарады. Пробациялық бақылау кезеңінде "Ш" сотталған адам тағайындалған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қасақана бұзған, бұл түзелу жолына түскісі келмейтіндігін айғақтайды. Сот шешімімен "Ш" сотталған адамға бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі 8 ай 27 күн мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылды.