Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес сотталған адамға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ұсыныс жолданды

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес сотталған адамға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ұсыныс жолданды

Нұрсұлтан қаласы Сарыарқа ауданының пробация қызметіне бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені шешу үшін сотталған Ж.Т. жазбаша қолдаухатпен жүгінді. Сотталған Ж. Т.өзін жағымды жағынан көрсетті, соттың барлық талаптарын орындады, өзінің мінез-құлқы туралы есеп беру үшін үнемі тіркеуге тұрды, жүргізілген әңгімелерге өзі үшін тиісті қорытынды жасай отырып, тиісті түрде әрекет етті, түзету жолына түскенін дәлелдеп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмады. ҚР ҚК 72-бабына сәйкес Сарыарқа ауданының пробация қызметі сотталған Ж. Т. қатысты жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы ұсыныс жолдады.