Сотталған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан мерзімінен бұрын босатылды

Сотталған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан мерзімінен бұрын босатылды

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталған М. сотпен тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу кезінде жаза тәртібін бұзбаған, пробация қызметіне уақытылы тіркеуге келіп жүрген, сотталған қатарынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берілмеген, 2 топтағы мүгедек, жазасының жартысынан артық бөлігін өткенен кейін, мінездемесі тек жақсы жағынан көрсеткен, сотталған М. қатысты Сарыарқа аудандық пробация қызметімен Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық № 2 сотына бас бостандығын шектеу жазасынан мерзімінен бұрын босатуға ауыстыру туралы ұсынымы жолданды. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен 2021 жылдың 06 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылып, сотталған М. 1 жыл 9 ай 10 күнге өтелмеген бас бостандығын шектеу жазасынан ҚР ҚК-нің 72 бабына сәйкес мерзімінен бұрын босатылды. Сотталған Сарыарқа аудандық пробация қызметіне өзінің ризашылығын білдірді.