
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінде сотталғандар арасында дiнге деген қызығушылық бар. Соған орай ЕЦ-166/10 мекемесі тәрбие бөлiмiнiң инспекторы әділет аға лейтенанты Мұстафа Ж. және жасақ басшысы әділет аға лейтенанты Умурзаков Р-бiрге сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы Дiни зерттеу орталығынан келген имамдарымен бiрге бiрлесе отырыс жиын өтті. Аталған мекемеден имамдар аптасына кем дегенде екі мәрте келiп тұрады. Сотталғандарды жекеше және топтап қабылдайды. Дiни зерттеу орталығынан келген имамдардың мақсаты сотталғандардың басқа жат ағымға енiп кетпеуі болып табылады. Жиын барысында сұрақ жауаптар болды және сотталған дар көкейінде жүрген сұрақтарға мейлінше жауаптар алды сонымен қатар рухани байып қалды.